Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Курчатов қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі

2020-2021 оқу жылында қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың жалпы контингенті 1688 баланы құрайды, мектепалды даярлықпен 160 бала қамтылған.   

Облыс аумағында және біздің қаламыздың барлық мектептерінде шектеу шараларына байланысты оқу жылы қашықтықтан басталды, бұл ретте ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш мектептің 1-4 сынып оқушылары 686 оқушы және 160 мектепалды даярлық тәрбиеленушілері штаттық режимде 15 баладан артық емес жинаумен кезекші сыныптарда оқиды.

Санитарлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, Молдары мен Дегелең станциясында тұратын 49 баланы тасымалдау ұйымдастырылған. 

Мектептерде оқыту екі ауысымда, ауысымдар арасында бір жарым сағаттық үзіліспен, әр сабақтан кейін үй-жайларды желдету және дезинфекциялау режимін қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған. Оқу процесі бетперде режимін және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып жүргізіледі. Барлық мектептер дезинфекциялау құралдарымен және санитариялық қауіпсіздік құралдарымен (тепловизорлар, санитайзерлер, кіреберістегі қорғаныш кілемшелері, маскалар, бактерицидті шамдар) қамтамасыз етілген.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Курчатов қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Дата публикации
30 марта 2021