«ШҚО Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Курчатов қаласының 2021 жылға арналған бюджеті нақтылауды ескере отырып 2,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде әлеуметтік салаға 0,4 млрд. теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 18,2%-ы, тұрғын үй-коммуналдық салаға, жолдарды ұстауға 0,3 млрд. теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 13,6% - ы.

Ағымдағы жылы бюджетті нақтылау 1 рет, бюджетке түзету 2 рет жүргізілді.

2019 жылдың тамыз айынан бастап облыста "ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) жобасы іске асырылуда. Ол ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған.

2019-2021 жылдар аралығында картада Курчатов қаласының барлық мемлекеттік ұйымдарының бюджеті 11,5 млрд.теңгеден астам сомаға орналастырылған, оның ішінде 4 мектеп, Балалар музыка мектебі, Журавушка балабақшасы, Күншуақ, шығармашылық үйі, балалар спорттық-жасөспірімдер мектебі, Скала спорт клубы, мәдениет үйі, Достық үйі, Жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығы, тілдерді оқыту орталығы, кітапхана, әкім аппаратының дербес бөлімдері.

«ШҚО Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
30 марта 2021