«ШҚО Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ 2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

2021 жылғы қаңтар – ақпанда Курчатов қаласында өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 283 млн. теңгеге ұлғаюмен 749,2 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны – 160,7%, нақты көлем индексі – 129,8%.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 385,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 184,1 млн. теңгеге артты, өсу қарқыны – 1,9 есе, нақты көлем индексі – 129,4.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 82,2 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 млн.теңгеге артты, өсу қарқыны– 104,6%, НКИ – 114,5%. Қаланың өңдеу өнеркәсібі жеңіл, химия өнеркәсібі және машина жасау болып табылады.

«ШҚО Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ 2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
26 марта 2021