Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
2020 жылдың екінші тоқсанында қала бюджетінің атқарылуы республикалық және облыстық бюджеттерден алынған нысаналы трансферттерді, субвенцияларды есепке алғанда 1 703 746,2 мың теңгені немесе 63,4% - ды құрады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 98 799,6 мың теңге жұмсалды, жоспар бойынша 171 610,7 мың теңге, немесе 87,1%. Оның ішінде:
-мәслихат аппаратын, әкім аппаратын, экономика және қаржы бөлімін, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімін ұстау;
-сатып алынды: ноутбук, тігуге арналған станок, 2 жүйелік блок, вирусқа қарсы бағдарламалар, МФУ, кеңсе және шаруашылық тауарлары сатып алынды, сондай-ақ компьютерлік техникаға қызмет көрсету бойынша қызметтер, қаржы қызметтері төленді, кондиционер (1 дана), вирусқа қарсы бағдарлама төленді, кеңсе орындықтары, кеңсе бұрыштық үстел, компьютер;