Сіздерге 2020 жылы қалада өткізілген және Курчатовтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және қала тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған негізгі іс-шаралар туралы хабарлауға рұқсат етіңіздер.
Жергілікті атқарушы органдар өз жұмысын Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға, Елбасының «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының мақаласын орындауға, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды орындауға бағыттады.
Өткен жылды қорытындылай келе, Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты көрсеткіштермен сипатталатынын, ал жекелеген көрсеткіштер бойынша ұлғаю үрдісі бар екенін атап өткім келеді.
2020 жылдың 1 желтоқсанда қала тұрғыны 12 429 адам құрады.
2020 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштердің орындалуы келесідей: