Мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 07.12.2020 жылғы № 20-1 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:
Мусажанова Р. А., білім бөлімінің әдіскері, жұмыс тобының жетекшісі.
Жампеисова Ж. С., білім бөлімінің әдіскері, жұмыс тобының мүшесі.
Тайгаранова Л. А., бөлімнің бас бухгалтері, жұмыс тобының мүшесі.
Дроздова Н. Д., білім бөлімінің әдіскері, жұмыс тобының хатшысы.
Талдау түрі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ қызметін ішкі талдау.
Талдаудың мақсаты мен міндеті: қалыптасқан практикаларды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау жағдайлары мен себептерін анықтау.
Талдау кезеңі: 2020 жылғы қаңтардан 28 желтоқсанға дейін.
Жұмыс тобы екі бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.