2020 жылдың 1 қаңтарына Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы ақпарат

2019 жылға қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар есебімен 3 956 178,5 мың теңгені құрады немесе 98,5 %.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 287 892,8 мың теңге жұмсалды, жоспар бойынша 288 433,5 мың теңге, немесе 99,8%. Оның ішінде:

-мәслихат аппаратын, әкім аппаратын, экономика және қаржы бөлімін, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімін ұстау;

- вирусқа қарсы бағдарламалар, далаға үлкен Елтаңба, 10 жалау, кабинетке 12 дана кішкентай Елтаңба, латынша Елтаңба, 3 дана процессор және 2 дана монитор, ноутбук, бойлер, 23 дана кеңсе креслолары, 3 дана МФУ, кондиционерлер, дербес компьютер, 2 принтер, жылытқыштар, кабинеттерге арналған жиһаз, радиотелефон сатып алынды.;

- Семей облыстық сотының тұрақты сессиясының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 26.07.1990 жылғы шешімі негізінде сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға жергілікті атқарушы органның резерві есебінен И. Н. Даньконың пайдасына 107,0 мың теңге жұмсалды.;

2020 жылдың 1 қаңтарына Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
12 февраля 2020