«ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2019-2020 оқу жылында қаланың жалпы білім беретін мектептерін 9 сыныптың 140 түлегі және 11 сыныптың 71 түлегі аяқтады.

«Алтын белгі» белгісін растаған түлектер саны - 8. Оның ішінде: № 2 ЖББОМ – 2,  № 3  ОМ– 1, № 4 ЖББОМ – 5.  Үздік  аттестатты  6  түлек  алды

(2 ЖББОМ-1, 3 ОМ -3, 4 ЖББОМ-2).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2020-2021 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды оқытудың бірінші бағыты бойынша 9 сыныптың төрт түлегі колледждерге тегін оқуға жолдама алды:

2020-2021 оқу жылында қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың жалпы контингенті 1688 баланы құрайды, мектепалды даярлықпен 160 бала қамтылған.

«ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
22 января 2021