Қала бойынша тұрғын үй құрылысы механизмі «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жеке құрылыс жүргізушілерден дайын тұрғын жайды сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
110 пәтер сатып алуға, соның ішінде 2 бөлмелі пәтерлер – 84 (бір пәтердің орташа алаңы 44,7 м2), 1 бөлмелі пәтерлер – 26 (бір пәтердің орташа алаңы 30,7 м2) облыстық бюджеттен 405,899 млн. теңгеге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. 1 м2 құны – 90 000 теңге. Ағымдағы жылы 64 пәтерлер сатып алуға 237,492 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 34 пәтерлер 14 көп балалы отбасылар үшін қайта жабдықталатын болады. Бюджетті нақтылағанда 168,404 млн. теңге сомасында бюджеттік өтінім жолданатын болады.