2020 жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына 583 адам жүгінді.
Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан 436 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды:
Техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжәнеКБ) кадрларды даярлауға 9-сыныптан кейін 4 адам жіберілді. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі КМҚК, «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша «Семей қаласының Технологиялық колледжі» мекемесіне, «Кондитер» мамандығы бойынша Семей қаласының «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК. Оқу орнына қабылдау үшін жолдамаларды беру және оқыту барысына мониторингті Курчатов қаласының білім бөлімі жүргізеді.