2020 жылы Курчатов қаласының әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 660 өтініш түсті. Оның ішінде заңды тұлғалардан - 134, жеке тұлғалардан - 526, 2019 жылмен салыстырғанда (676 өтініш, оының ішінде жт- 575, зт - 101) өтініштер саны 16 өтінішке азайды.
Анықтамалық: 660 өтініштен, әкім аппаратына – 245 (оның ішінде жт – 194, зт – 51, өтініштер – 240, арыздар – 2, басқалар – 3,қаралды – 52, қанағаттандырылды – 8, түсіндірілді – 44, қайта жолданды - 193), ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне – 192, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне – 48, ТҮКШ бөліміне – 113, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне – 21, білім бөліміне – 32, экономика және қаржы бөліміне – 4, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне – 1, ІСБ – 2, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне – 2 түскен.