Мәдениет және даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қалада қалалық мәдениет үйі, қалалық кітапхана, Достық үйі жұмыс істейді.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қалалық мәдениет мекемелері өз жұмысын негізінен онлайн форматқа көшірді.Бекітілген перспективалық жұмыс жоспарына өзгерістер енгізілді.
Курчатов қаласының мәдениет мекемелерімен 2020 жылдың 12 айында барлығы 198 іс-шара онлайн режимінде өткізілді.
Іс-шаралар барысында аудиториямен қашықтықтан өзара әрекеттесу үшін әлеуметтік желілер белсенді қолданылды.
Мәдениет мекемелерінің парақшаларында тікелей эфирде, онлайн режимде концерттер, экскурсиялар, дәрістер, мастер-класстар, жаңартылған кітаптарға шолу жүргізілді.