«Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

2019 жылдан бастап ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасын іске асыруда.

«Шығыс-Адалдық алаңы» облыстық кеңсесі ғана емес, сондай-ақ облыстың барлық қалалары мен аудандарында бөлінген жеке үй-жайлары бар және материалдық-техникалық базамен толық жарақталған өкілдіктері бар.

Жобалау кеңселерінің басшылары өңір, қалалар мен аудандар әкімінің штаттан тыс кеңесшісі мәртебесіне ие.

«Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірдің барлық қалалық және аудандық әкімдіктері «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті, бұл азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

«Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады
Дата публикации
06 января 2021