Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Байахметовтың 2020 жылғы 9 қазандағы № 69 хаттамалық тапсырмасының 2.1. - тармақты орындау үшін:
- Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Курчатов қаласы әкімдігінің жанынан мобильді мониторингтік топ (бұдан әрі - Мобильді топ) құрылсын.
- Мобильді топ жұмыс органы болып «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ белгіленсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Қошқарбаев Н. Т. жүктелсін.