Абай облысы Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 01-14/16 қаулысы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Абай облысы Курчатов қаласы мәслихат депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Абай облысы Курчатов қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Курчатов қаласы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

2. Осы қаулы қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Курчатов – Көкжиегі» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                        Б. Мубаряков

 

 

Хатшы                                                                        Н. Жанұзақова

 

 

 

 

 

 

Абай облысы Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 01-14/16 қаулысы
Дата публикации
14 октября 2026