2026 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Мәдениет мекемелерінің желісіне Қалалық мәдениет үйі; Қалалық кітапхана; Достық үйі; Тілдерді оқыту орталығы кіреді.

Курчатов қаласында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халық шығармашылығын дамыту, көркемдік-шығармашылық бастамаларды қолдау және ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Қалалық мәдениет үінде республикалық, облыстық фестивальдар мен конкурстарға қатысатын 14 шығармашылық  және  көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді.

Есепті кезеңде мәдениет мекемелерімен 73 мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, халықтық мерекелер өткізілді. Осы бағыт бойынша патриоттық, эстетикалық тәрбие бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде, жыл бойы өткізілетін іс-шаралар жоспарлануда.

Анықтама: «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында «Асыл әжелер» және «Надежда» вокалдық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама, Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына  арналған «Қазақ поэзиясының жүрегі – Мұқағали» атты еске алу сағаты, «Қазақстан халқы Ассамблеясы –татулық  пен бірліктің кепілі» 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесіне арналған «Ана – тіршілік нұры» атты салтанатты жиын мен мерекелік концерт, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік бағдарлама аталып өтті.

2026 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Дата публикации
04 мая 2026