Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы.
2025 жылға қала бюджетіне 2 886 701,9 мың теңге кіріс түсті, бұл өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 332 483,5 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 382 037,4 мың теңгені құрады, жергілікті атқарушы орган алатын қарыздар 452 542,0 мың теңге сомасында түсті.
Жалпы, 2025 жылы белгіленген жоспардан тыс 485 486,7 мың теңге
түсті, оның ішінде:
101111 «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 328 588,8 мың теңге түсті оның ішінде: аванстық төлем «Балапан көлігі» ЖШС-нен - 531 411,9 мың теңге.
101201 «Төлем көздеріне салынатын, табыстардан жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 28 722,9 мың теңге түсті, ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдары АЭИ, ГЗИ, РҚИ, Байкалдан және «Балапан көлігі» ЖШС-нен қосымша төлемдер түсті.
101202 «Салық салынбайтын төлем көздерінен, табыстарынан жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 36 899,7 мың теңге түсті, салық төлеушілер санының ұлғаюы есебінен.
101205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша, салық төлеушілер санының ұлғаюына байланысты жоспардан тыс 460,0 мың теңге түсті.