Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ-де 2026 жылдың алғашқы 4 айында атқарылған жұмыс және саланы дамыту перспективалары туралы ақпарат.

Курчатов қаласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі 595 бала баратын 2 мемлекеттік балабақша («Журавушка» - 390 бала, «Күншуақ» - 145 бала), 60 бала баратын 1 жастан 6 жасқа дейінгі бір жеке меншік «Ақ – бөбек» балабақшасы жұмыс істейді. «Журавушка» және «Ақ – бөбек» балабақшаларында мемлекеттік және орыс тілді топтар жұмыс істейді (Журавушкада – 16 топ: 7 мемлекеттік тілде, 9 орыс тілінде, «Ақ – бөбек» - 3 топ: 1 мемлекеттік тілде, 2 орыс тілінде), «Күншуақ» балабақшасында барлығы 6 топ мемлекеттік тілде тәрбие-білім беру жұмыстарын жүргізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдар 595 балаға жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қаржыландырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ананың төлемі айына 3 жасқа дейін 19 500 теңге, ал 3 жастан 23 000 тенге құрайды.

Сондай - ақ, 595 баланың 127-сі тегін тамақтанады (бұл көпбалалы отбасылардан          шыққан балалар) және 5 бала ҚР ҰЯО демеушілерінің есебінен.

Бүгінгі таңда ИНДИГО порталында мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау бойынша 92 бала кезекте тұр.

Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ-де 2026 жылдың алғашқы 4 айында атқарылған жұмыс және саланы дамыту перспективалары туралы ақпарат.
Дата публикации
04 мая 2026