Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік

Қаланың өнеркәсібін тау-кен және өңдеу өнеркәсібімен құрайды. Курчатов қаласында 2026 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 351,2 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 728,2 млн. теңгеге азайып, өсу қарқыны – 65,0%, НКИ – 90,1%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемінің төмендеуі тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің төмендеуімен байланысты. Негізгі себеп – Курчатов қаласындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ филиалында флюорит концентратын өткізуге келісімшарттардың болмауы, бұл жалпы өндіріс көлеміне әсер етті.

Көрсетілген кезеңде ТБК өндірген өнім көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 743,4 млн. теңгеге азайып, 486,3 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 39,5% -ды, НКИ – 81,1% -ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі:

Өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2026 жылдың 3 айында 222,2 млн. теңгені құрады, 2025 жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 25,3 млн. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 112,8%, нақты көлем индексі 130,5% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар:

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2026 жылғы қаңтар-наурызда 346,1 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 402,0 млн. теңгеге азайып, өсу қарқыны – 46,3%, НКИ – 43,9%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны:

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Курчатов қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 471 бірлікті құрады, бұл 2025 жылмен салыстырғанда (553) 82 бірлікке азайып, өсу қарқыны 85,2% құрады. Қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының төмендеуі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызға дейін арнаулы салық режиміне (оңайлатылған декларация негізінде) немесе жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне өтпеген субъектілердің автоматты түрде жабылуымен байланысты.

Ішкі сауда көлемі:

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында бөлшек тауар айналымының көлемі 2 127,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,7 млн. теңгеге артық. Өсу қарқыны – 103,9%, нақты көлем индексі – 93,6%.

         2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында көтерме тауар айналымының көлемі 396,9 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 291,2 млн. теңгеге артық. Өсу қарқыны – 376,6%, нақты көлем индексі – 335,6%.  

 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын мониторингілеу:

  Ағымдағы жылдың басынан бері 174 сауда нысанын қамти отырып, 13 рейдтік іс-шара өткізілді.  Қалада көтерме сауда жасаушылар жоқ. Мониторинг қорытындысы бойынша Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кету белгілері бар 4 материал жіберілді. Материалдарға растайтын фотосуреттер мен кассалық түбіртектер қоса ұсынылды.  Тексеру нәтижесінде 15 %-дық шекті үстемеақыны бұзудың 4 фактісі анықталды. Бұл үшін кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2 жағдайда – айыппұл).

Наурыз айының мониторинг қорытындысы бойынша 3 азық-түлік дүкенінен шекті мөлшерінен асып кету белгілері бар 4 факті растайтын фотосуреттер мен түбіртектермен бірге Абай облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне нақты анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

  Сонымен қатар, азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Бөлім тарапынан жақын маңдағы қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Ағымдағы кезеңде барлығы 3 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

         2026 жылдың басынан бері қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осы тақырып бойынша барлығы 5 жарияланым орналастырылды.

         Қала аумағында инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі жұмыстар тұрақты бақылауда тұр.

Жалғасы

Документы
Есеп
29 июля 2025
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
«Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарты
Есеп
06 января 2025
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылдың атқарған жұмысы туралы
Ақпарат
21 июля 2023
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында шағын және орта бизнесті дамыту туралы 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Кәсіпкерлік
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы