Мәдениет мекемелерінің желісіне Қалалық мәдениет үйі; Қалалық кітапхана; Достық үйі; Тілдерді оқыту орталығы кіреді.
Курчатов қаласында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халық шығармашылығын дамыту, көркемдік-шығармашылық бастамаларды қолдау және ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Қалалық мәдениет үінде республикалық, облыстық фестивальдар мен конкурстарға қатысатын 14 шығармашылық және көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді.
Есепті кезеңде мәдениет мекемелерімен 73 мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, халықтық мерекелер өткізілді. Осы бағыт бойынша патриоттық, эстетикалық тәрбие бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде, жыл бойы өткізілетін іс-шаралар жоспарлануда.
Анықтама: «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында «Асыл әжелер» және «Надежда» вокалдық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама, Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының жүрегі – Мұқағали» атты еске алу сағаты, «Қазақстан халқы Ассамблеясы –татулық пен бірліктің кепілі» 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесіне арналған «Ана – тіршілік нұры» атты салтанатты жиын мен мерекелік концерт, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік бағдарлама аталып өтті.
2026 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша Қалалық кітапханада жалпы қоры - 37956 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 10579 дана. 2026 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша қалалық кітапханаға келушілер саны - 3482, кітап беру – 10325 және 932 оқырманға қызмет көрсетілді: оның ішінде 15 жасқа дейін– 201 бала, 18 жасқа дейін- 122, 21 жасқа дейін- 47 адамды құрайды.
Достық үйінде «Атамұра» Қазақ орталығы және 2 этномәдени бірлестік «Русана» орыс этномәдени бірлестігі, «Свиточ» украин этно-мәдени бірлестігі және Достық үйінің жанынан «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі», «Медиация кеңесі», Ассамблея жастары, ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығы белсенді жұмыс істейді.