
Болат Таңсықбайұлы Әбдірәлиев, 1976 жылы 20 мамырда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген.
1998 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС ЖФ машинист қызметінен бастаған.
1999 жылдан 2006 жыл аралығында «Казфосфат» ЖШС ЖФ ауысым шебері, ұсақтау-кептіру цехының ауысым шебері, ауысым жетекшісі, диспетчер, аға диспетчер және цех басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2006 жылғы 17 мамыр мен 2008 жылғы 15 желтоқсан аралығында Тараз қаласындағы «Жамбылгипс» АҚ-да жеткізуші, бөлім басшысы және техникалық басшы қызметтерін атқарған.
2009–2011 жылдары - Шымкент қаласы «ДО КНИСГ» ЖШС жетекші маман;
2011–2012 жылдары - Тараз қаласы «Арайстроймаркет 2003» ЖШС басшы орынбасары;
2012–2016 жылдары - Тараз қаласы «Сапар – Консалтинг» ЖШС-де басшы орынбасары;
2016–2019 жылдары - Алматы қаласы «Алматы тұрғын үй» ЖШС-де басшы орынбасары, басшы;
2019–2021 жылдары - Астана қаласы «Nur Otan» партиясында Активтер басқармасының басшысы;
2022–2023 жылдары - Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;
2023 жылғы 13 маусымнан бастап Абай облысы Курчатов қаласы әкімі.