Меню

Страницы

Статья

Аудандық сотта дөңгелек үстел өткізілді

ШҚО Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағасы Б. Қаджиақпаров пен Көкпекті ауданының № 2 пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңы қабылданғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, "Халықтың көші-қоны туралы" заңына, "Пробация туралы" заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Сот төрағасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген өзгерістерге егжей - тегжейлі тоқталып, осы заңдардың дұрыс қолданылуын талап ететінін айтты.

Кездесу барысында заңды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша сындарлы пікір алмасу, құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Дата публикации
05 марта 2020
Дата обновления
05 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
07 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет
Ақпарат
09 сентября 2026
Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ақпарат
05 августа 2026
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы