«Виртуалды сот» жобасын іске асыру шеңберінде ШҚО, Көкпекті ауданының Құлынжон, Сарыбел, Миролюбовка ауылдық округінің әкімдерімен бірлесіп, Көкпекті ауданының №2 аудандық соты орналасқан Самар ауылынан 17 шақырымнан 65 шақырымға дейін қашықтықта орналасқан аталған ауылдық округтері әкімшіліктерінің ғимараттарында кабинеттер аудандық сотпен бейнеконференцбайланыс арқылы қосылу мүмкіндігімен жабдықталды. Аталған кабинеттер ауылдық округінің, сондай-ақ жақын маңдағы ауыл тұрғындарына Самар ауылына бармай-ақ, сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді. Сот актілері процестің қатысушыларына судьялардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен электрондық түрде жіберіледі. Осылайша, ІТ қызметі арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Бұл жаңашылдық сот процестерін айтарлықтай жеңілдетеді, сотта сот тараптардың тікелей қатысуынсыз сот процестерін жүргізуге мүмкіндік береді, сол себепті соттың қашықтығына немесе басқа жағдайларға байланысты сотқа келмеуіне байланысты азаматтарға айтарлықтай қаражат және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі