Меню

Страницы

Статья

Аудан бойынша 2020 жылдың 1 маусым айына тіркелген жұмыссыздар саны - 142 адамды құрайды, 351 жұмыс орындары ашылды, 343 адам жұмысқа орналастырылды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы  аясында ақылы қоғамдық жұмыстарға 93 адам тартылды, «Жастар  іс тәжірибесіне»  4   адам  жіберілді. Бүгінгі күнге 19 адам 81,5 млн. теңгеге несие алды.

2020 жылдың 1 маусым  айына   атаулы әлеуметтік көмек 190 отбасына (965 алушыға)  36,5 млн. теңге тағайындалды.  Тұрғын үй көмегі  14 отбасына  400,8 мың   теңге  тағайындалды. Жылдың басынан  аз  қамтылған 7 отбасына  215,0 мың   теңгеге   материалдық   көмек  жасалды. 

Бүгінгі күнге  мүгедектер үшін 12 объекті жартылай бейімдеуден (пандус орнату) өткізілді. 4 адам мүгедектік арбамен,  8 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, 26 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.  17 зейнеткер «Уба» - «Усть-Таловка»  шипажайларында  емделіп келді.

Еңбекке қабілетті  1  мүгедек  жұмыспен қамтылды,  10 мүгедек ақылы қоғамдық     жұмыстарға   жіберілді.

Жалғызбасты 6  адамның құжаттары  ресімделіп, Самардағы Қарттар үйіне орналастырылды.

«Көкпекті  ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  орталығында» 220 жалғызбасты және мүгедектерге  қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 150  жалғызбасты қарттарға, 57  мүмкіншілігі шектеулі балаға, сондай-ақ        13  мүгедек балаға  жартылай күндізгі  бөлімшеде   қызмет  көрсетіледі. Үйде оқытылатын 24 мүгедек балаға 1369,7 мың теңге материалдық көмек төленді.1-топтағы 3 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалды. 

Аудан бойынша барлығы 3 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 30, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 13 адам. Ұлы Жеңістің 75- жылдығына орай 3 Ұлы Отан соғысының   ардагеріне   облыстық  бюджет қаржысынан  600,0 мыңнан,ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 100,0 мыңнан, «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған 19 тыл еңбеккерлеріне 100,0 мыңнан, 270 тыл еңбеккерлеріне   42,5 мыңнан   материалдық көмек   берілді.

Мерекелік іс-шараларға  және Ұлы Жеңістің 75-жылдығына байланысты  аудандық бюджет қаржысынан Ауған  соғысына  және Чернобыль апатына қатысушыларға  185,5 мыңнан барлығы 7,9  млн. теңгеге   біржолғы  материалдық  көмек  берілді.  8 наурыз және 1 маусым балалар күні  мерекесіне орай   «Алтын-алқа», «Күміс алқа»  иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар барлық   891 аналарға  облыстық бюджеттен  13,2 мың  теңгеден барлығы  11,8 млн.  теңгенің көмегі көрсетілді.

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
07 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет
Ақпарат
09 сентября 2026
Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ақпарат
05 августа 2026
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы