Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша
2021 жылдың 01 шілдесіне атқарылған жұмыстары туралы
Аудан бойынша 2021 жылдың 01 шілдесіне халықты жұмыспен қамту орталығына 438 адам өтініш білдірді. Бағдарламағаға қатысушылардың қатарына 409 адам енгізілді. «Жұмыссыздар» -271, «Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар» - 100, «жұмыс іздеп жүрген тұлғалар» - 19, «тіркелмеген жұмыссыздар» - 19.
Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларымен 455 адам қамтылды.
Бірінші бағыты: «Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқуымен қамтамасыз ету».
2021 жылға кәсіби қысқа мерзімді оқытуға жоспар 20 адам. Жалпы 20 адам жолданды.
Бұл бағытты қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 7434,0 мың.тг. бөлінді, игерілгені 4325,0 мың.тг.
Кысқа мерзімді кәсіби оқыту аудандағы Самар ауылында орналасқан «Самар кәсіби –техникалық оқыту орталығында» жүргізіледі.
Екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».
Ағымдағы жылдың 01 шілдесіне 10 адамға 48000,0 мың.теңгеге шағын несие берілді.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне жоспар 125 адамды оқытуға қарастырылған. Нақты 109 адам жолданды. Оның ішінде 72 адам оқуларын аяқтады, 71 адам бизнес жобаларын қорғады.
2021 жылға Көкпекті ауданы бойынша жаңа бизнес –идеяларын дамытуға республикалық бюджеттен 29170,0 мың.теңгеге 50 грант (200 АЕК) ұсыну жоспарланды.
Бүгінгі күнге 25 адамға 14585,0 мың.теңгеге гранттар ұсынылды.
Үшінші бағыты: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.
2021 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды, бөлінген соммасы 6110,0 мың.теңге (РБ – 3660,0 мың.тг, ЖБ – 2450,0 мың.тенге). Жалпы 23 адам жолданды. Игерілгені 1580,0 мың.тг.
2021 жылға ұйымдастырылған жастар практикасына жоспар 23 адам, бөлінген соммасы 10064,0 мың.теңге (РБ – 5688,0 мың.тг., ЖБ – 4376,0 мың.теңге). Жалпы 3 адам жолданды. Игерілгені 806,0 мың.тг.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға жалпы 52020,0 мың.теңгеге (РБ – 36720,0 мың.тг., ЖБ – 15300,0 мың.тг.) 251 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жолданғаны 136 адам. Игерілгені 10780,0 мың.тг.
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 123 адам орналастырылды. Көкпекті ауданы бойынша 2021 жылға жалпы жоспар қоныс аударушылар және қандастарды қабылдау квотасы 16 отбасы 28 адамға бекітілді.
Орындалуы: қоныс аударушылар - 1 отбасы 6 адам.
Қоныс аудару үшін жалпы 14832,0 мың теңге бөлінді: тұрғын үйді жалға алу субсидиясы - 10944,0 мың теңге (РБ – 7561,0 мың.тг., ОБ – 3383,0 мың.тг.); қоныс аударғанға субсидия – 3888,0 мың теңге (РБ – 2867,0 мың.тг., ОБ – 1021,0 мың.тг.). Игерілгені: тұрғын үйді жалға алу субсидиясы - 574,0 мың теңге; қоныс аударғанға субсидия – 613,0 мың.теңге
Бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде.