Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

Қоғамдық саяси жағдай

2020 жылы Көкпекті ауданында қоғамдық-саяи ахуал тұрақты деңгейде сақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ" атты  Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Ауданның бүгінгі күнгі әлеуметтік-саяси жағдайын анықтау мақсатында арнайы анализ жүргізілді. Жүргізілген анализге сәйкес ауданның басым және осал тұстары, қауып-қатері мен дамудың мүмкіндіктері анықталды.

Аудан көлемінде ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсене араласып, ерекше орын алатын «Нұр Отан» партиясының 1 филалы тіркелген. Партия филиалы жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып аудандық деңгейдегі іс-шаралаға белсене араласып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесуде. Бүгінгі партия құрамындағы адамдар саны 1523 адамды құрайды.

Ауданда көптеген жыл қатарынан  ұлтаралық келісім жағдайы сәтті. Оған  ауданда тұратын барлық ұлттар арасындағы достықтың көпірі болып,  өңірімізде ұлтаралық келісімнің нығаюына немістің «Хофнунг», қазақтардың «Мирас» және «Асыл Мұра» этномәдени бірлестіктерінің қосып отырған үлестері ұшан теңіз. Ауданымызда 20 аса ұлт өкілі тұрып жатыр. Оның ішінде: қазақтар -76,2 %, орыстар – 19,8 %, және 4% басқа ұлт өкілдері. Жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру және ұлтаралық келісімді нығайту жұмыстарына аудандық ардагерлер кеңесі,  «Көкпекті жастары» жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігі және «Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі тартылған. Барлық ауылдық округтерде ардагерлер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес, әкелер кеңесі, аналар кеңесі, әйелдер кеңесі және жастар кеңесі жұмыс істеуде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 89,5 % конфессияаралық қарым-қатынас саласы бойынша мемлекеттік саясатты қолдайтынын көрсетті.

Ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы республикалық телеарналарда 33 бейнематериал, облыстық телеарналарда 38 бейнематериал, республикалық баспа құралдарында 41 мақала, облыстық баспа құралдарында 128 мақала жарияланды.

Ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді жұмысының нәтижесінде аудан тұрғындарының мемлекеттік саясаттың басты бағыттары бойынша ақпараттандырылған деңгейі 87,6 % құрады.

Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2020 жылы дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытады. Аудан аумағында 12 діни бірлестіктер болса, оның 11 мұсылман дінінде, 1 православтық. Жыл қорытындысы бойынша діни бірлестіктерге келушілер саны 9 мың 450 адамды құрады. 2020 жылы аудан көлемінде дін саласы бойынша 106 іс-шара ұйымдастырылып, 8 мыңнан аса адам қамтылған. Ол жалпы аудан тұрғындары санының 25,8 % құрайды.

Көкпекті ауданында 14-29 жас аралығындағы 5 мың 450 адам бар, оның ішінде 2630 ерлер, 2820 қыздар. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында 263 іс-шара ұйымдастырылды.  Оның ішінде: 82 - мәдени-көпшілік , 76 – патриоттық, 61 – спорттық, 44 танымдық іс-шаралар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы ауданда 41 млн.тг. құрайтын 76 іс-шара және 6 жоба жүзеге асырылды. 

2020 жыл елімізде ковид-19 індетіне байланысты көптеген іс-шараларымыз онлайн түрде ұйымдастырылды. Президентіміздің еститін мемлекеті тұжырымдамасы аясында барлық ауылдық округ әкімдері бөлім басшыларымен онлайн тікелей сұхбаттар ұйымдастырылып 8 мыңнан аса халық қамтылды. Алдағы уақытта да аталмыш іс-шаралар өз жалғасын тауып еститін мемлекет тұжырымдамасы аясында көптеген сұрақтарға жауаптар уақтылы берілетін болады.

Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастың бір нысаны  - Қоғамдық кеңестер. Өткен жылы аудандық қоғамдық кеңестің 4 отырысы, 4 қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, 17 нормативтік-құқықтық актілер қарастырылды. Сонымен бірге, 4 мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалып, 1 қоғамдық мониторинг жүргізіліп, 14 ұсыным жасалды.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
07 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет
Ақпарат
09 сентября 2026
Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ақпарат
05 августа 2026
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы