Аудан бойынша 2026 жылдың 1 мамыр айына атаулы әлеуметтік көмек 95 отбасына, оның ішінде 511 адамға 33,8 млн.теңге тағайындалды. Соның ішінде, көпбалалы отбасылар саны - 47. Сондай-ақ 1 жастан 6-жасқа дейінгі 155 балаға 4,0 млн. теңге жәрдемақы төленді.
Өз өтініштері бойынша 23 адамға 1,8 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Сондай-ақ, жылдың басынан бері есепте тұрған аз қамтылған туберкулезбен ауыратын 7 адамға барлығы 907,6 мың теңге материалдық көмек төленді.
Аудан бойынша 2026 жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін 11 әлеуметтік нысандарды бейімдеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде, білім саласы бойынша - 3 нысан, аудан әкімінің аппараты-1, мемлекеттік мекемелер -1 нысан, мәдениет саласы-1, жеке меншік нысаны-5.
Сондай-ақ, 19 адам протездік- ортопедиялық құралдармен, 5 адам тифло-техникалық, 7 адам сурдо-техникалық, кресло-арбамен-1 адам, 48 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 1-топтағы мүгедектігі бар 13 адамға жеке көмекші қызметі тағайындалды. Мүгедектігі бар 19 адам «Мойылды», «Сарыағаш» шипажайларына, «Қарағайлы» оңалту орталығына жіберілді. Үйде оқытылатын 14 мүгедектігі бар балаға 3,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
2026 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адамға барлығы 60,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» барлығы 131 жалғызбасты және мүгедектігі бар балалар мен 18-жастан асқан тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 95 жалғызбасты қарттарға, 18 мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ 18 мүгедектігі бар балаларға күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетіледі.
Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылға өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 88 жұмыс орындарын құру жоспарланды, бүгінгі күнге 30 жұмыс орындары құрылды, орындалғаны – 34,1%.
Аудан бойынша ауған соғысына қатысушылар саны- 12, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 2 адам, Таулы Карабахта және Тәжікстанда қызмет еткендер саны- 15 адам, тыл еңбеккерлері- 26 адам.
Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық бюджет қаржысынан Ауған соғысына қатысушылар мен Таулы Карабахта қызмет еткендерге 216250 теңгеден барлығы 5,9 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
8-наурыз мерекесіне орай «Алтын-алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, сондай-ақ кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы 524 аналарға облыстық бюджеттен 21625 теңгеден барлығы 11,4 млн. теңгеге біржолғы көмек берілді.
Бөлім арқылы барлығы 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бүгінгі күнге 453 сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілді