Көпірлер және автомобиль жолдары
- Тассай ауылына кіреберістегі Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстарына облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Нысанды аяқтау үшін 388,5 млн теңгеге қосымша бюджеттік өтінім берілді.
- Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы аудандық маңызы бар автомобиль жолының 28–43 км учаскесін орташа жөндеуге 1,713 млрд теңге сомасына шарт жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
- Тассай ауылына кіреберіс жолдың Мәметек учаскесіндегі көпірді жөндеуге қажетті құжаттар дайындалуда.
- Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін Үкіліқыз ауылына кіреберіс 8 км жолды және Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы автомобиль жолының 5 км учаскесін орташа жөндеуге бюджеттік өтінімдер ұсынылады.
Абаттандыру және экология
- Ағаш отырғызу жоспары – 6000 көшет, бүгінгі таңда 5875 көшет отырғызылды.
- Санитарлық тазалық жұмыстары барысында 2892 тонна қоқыс шығарылып, 78 ұйым мен 88 бірлік техника жұмылдырылды.
Антенна-діңгекті құрылыстар
- 5 антенна-діңгекті құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп аяқталды.
- 4 нысан бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінімдер жолданды.
- 1 нысан бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жалғасуда.
Бас жоспарлар
- Ақой, Қарамойыл, Шәріптоғай, Толағай және Мамай ауылдарының бас жоспарларын келісу жұмыстары жалғасуда.
Сумен жабдықтау
- 2026 жылдың сәуір айында Биғаш, Мамай, Шәріптоғай, Шұғылбай және Қарамойыл ауылдарының сумен жабдықтау жобаларын түзетуге әр нысанға 10 млн теңгеден бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, олар аяқталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.
- Ажа, Үкіліқыз және Толағай ауылдарындағы су құбыры құрылысы жобалары бойынша қаржыландыру мәселесі қаралуда.
Тұрғын үй құрылысы
- 2026 жылы ауданның алты елді мекенінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
- 2026 жылдың қаңтар айынан бастап тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша 19 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 14 өтініш толық рәсімделіп, 5 өтініш қаралу үстінде.