Меню

Страницы

Статья

2024 жылы  Көкпекті ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бойынша атқарылған жұмыстар  туралы ақпарат

2024 жылы  Көкпекті ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бойынша атқарылған жұмыстар  туралы ақпарат

Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша  2024  жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан бойынша 2025 жылдың 1 қаңтар  айына   атаулы әлеуметтік көмек  139 отбасына, оның ішінде  703 адамға  72,7 млн.теңге тағайындалды.  Соның ішінде, көпбалалы отбасылар саны- 58, аз қамтылған отбасылар   саны-81.

Сондай-ақ, 1 жастан 6-жасқа дейінгі 210 балаға 8,9 млн.  теңге балалар жәрдемақысы төленді.  

Өз өтініштері бойынша  аз қамтылған  39 отбасына  3,2 млн.   теңге  біржолғы материалдық  көмек  берілді. Сондай-ақ, жылдың басынан бері есепте тұрған аз қамтылған туберкулезбен ауыратын  9 адамға барлығы  1,3млн. теңге  материалдық көмек, тұрғын үй көмегі  2 отбасына  31,0мың теңге әлеуметтік көмек  төленді.

2024 жылы мүгедектер үшін 12 объекті жартылай бейімдеуден  өткізілді. 11 адам мүгедектік арбамен,  11 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, 38 адам протездік- ортопедиялық  құралдармен, 131 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.   1-топтағы мүгедектігі бар  16 адамға   жеке көмекші қызметі тағайындалды. 59 зейнеткер «Қарағайлы» шипажайында, 31 мүгедектігі бар адамдар «Мойылды», «Сарыағаш», «Щучинск» шипажайларында  және  «Қарағайлы» оңалту орталығында емделіп  келді. Үйде оқытылатын  13 мүгедектігі бар  балаға 1638,0 мың  теңгеге  материалдық көмек төленді.

Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 1 адамға грант берілді.

2024 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және шартты түрде сотталған  10  адамға  барлығы  320,0  мың  теңге материалдық көмек көрсетілді,  жұмыссыз ретінде  есепте тұрған   2 адам  ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

Ауылды  жерлерде жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет қызметкерлеріне  отын -көмір сатып алу үшін барлығы 1139 адамға  50,5 млн.  теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді.  

«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  орталығында» 142 жалғызбасты және мүгедектігі бар балалар мен 18-жастан асқан тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде,  105 жалғызбасты қарттарға,  19 мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ  18  мүгедектігі бар  балаларға   күндізгі  бөлімшеде   қызмет  көрсетіледі.

Аудан бойынша  ауған соғысына қатысушылар саны-  14, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 3 адам, Таулы Карабахта және Тәжікстанда  қызмет еткендер саны- 17 адам, тыл еңбеккерлері- 45 адам.

Ұлы Жеңістің 79- жылдығына орай  облыстық және жергілікті  бюджет қаржысынан  45  тыл еңбеккерлеріне  70,0 мыңнан  3,1 млн. теңге,   Ауған соғысына,  Чернобыль апатына қатысушылар мен Таулы Карабахта  қызмет еткендерге    150,0 мыңнан    барлығы 5,8  млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.

8- наурыз   мерекесіне орай   «Алтын-алқа», «Күміс алқа»  иегерлеріне,  I және  II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, сондай-ақ кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар  көпбалалы  556 аналарға  облыстық бюджеттен  15,0 мыңнан  барлығы 8,4 млн.  теңгенің көмегі  берілді. 

Бөлім арқылы барлығы 20 мемлекеттік  қызмет көрсетіледі, 2025 жылдың 1 қаңтар  айына  969 сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

 

 

 

 

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
30 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
07 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет
Ақпарат
09 сентября 2026
Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ақпарат
05 августа 2026
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы