Меню

Страницы

Статья

Мәдениет саласы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар

Көкпекті ауданында халыққа мәдени рухани қызмет көрсетуде аудандық Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб пен 9 орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

Биылғы жыл басынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелері жылдық жоспарға сәйкес аталып өткізілді.

 Биыл  өткізілген атаулы ірі шараларды айта кетсек:

 «Батыр бабалар жолымен» атты тарихи-танымдық экспедициясы келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлерін  аралады.

1-шілде Домбыра күніне орай «Домбыра» ұлттық телеарнасы келіп ауданымыздың тарихы мен мәдениеті жайында түсірілім жасады.

2 тамыз күні ономастика мәселелеріне қатысты Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерттеу мақсатында «Ономастика одағы» қоғамдық бірлестігі келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлері жайында ақпарат жинастырды.

Мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты, журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Нұржан Қуантайұлының шығармашылығына арналған I-ші «Тәуелсіздіктің тау тұлғасы» атты республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.

Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Аламан құрақ тігуден жерлестеріміз Жунусбаева Бахытжан Задаевна және Сарманова Балнұр Біржанқызы қатысып Қазақстанның «Кинэс» рекордтар кітабына енді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 24 күні Оқушылар шығармашылық сарайында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

2026 жылға Толағай және Мамай ауылдық клубтарының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Көкпекті ауданында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы 2024 жыл бойынша ақпарат

2024 жылы ауданымызда халықтың саны – 13179 адамды құрады. Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны - 5593 адам, ол жалпы халық санының 42,3 % құрайды.

Көкпекті ауданына 9 ауылдық округ және 28 елді мекен, 18 мектеп ғимараты бар. Көкпекті ауданының спорт ғимараттарының желісі 54 спорт нысанын құрайды, оның ішінде 3 спорт кешенінде, 17 спорт залы мектептерде, 10 хоккей корты, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым.

Қазіргі уақытта Көкпекті ауылында құны 333,6 млн. теңге болатын жүзу бассейнінің құрылысы аяқталуда. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың соңында жоспарлануда. 2027 жылға дейін облысты дамытудың кешенді жоспары шеңберінде Тассай және Преображенка ауылдарында  2 спорт модулін салу жоспарланған.

«Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 79 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектептерде – 51 мұғалім, спорт мектебінде – 23 жаттықтырушы, спорт бойынша әдіскерлер саны – 2, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 маман қызмет атқарады.

Көкпекті ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, контингенті 788 баланы құрайды. Аудандық білім беретін бөлімінде   1527 бала спортпен айналысуда. БЖСМ-де спорттың 8 түрі дамуда: еркін күрес, жекпе-жек, бокс, волейбол, дзюдо, таеквондо ИТФ, футбол, қазақ күресі. БЖСМ тәрбиеленушілері облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетуде.

Аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 76 спорттық іс-шаралар енгізілген. 2024 жылдың басынан Көкпекті ауданында ай сайын бұқаралық спортты дамыту мақсатында әр спорт түрінен бірқатар жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, қысқы спорт түрінен ақпан айында жас ерекшеліктері бойынша шаңғымен жүгіруден ұлдар мен қыздар арасында жарыстар өткізіліп, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен садақ ату, асық ату  бойынша аудандық  жарыстардың жеңімпаздары облыстық жарыстарда топ жарып жүр. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді.  22- Наурыз мерекесіне орай Ұлы дала елі алаңында ұлттық спорт түрлерінен  іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтсақ: қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс, жамбы ату, және қошқар көтеру бойынша спорттық іс- шаралар өткізілді.  Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары сертификаттар мен медальдармен марапатталды. Сәуір айында командалық және жекелей ұл және қыздар арасында үстел теннисінен  жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. 16 - мамыр күні мекеме қызметшілері арасында кіші футболдан және волейболдан аудандық біріншілік ұйымдастырылып өз мәресіне жетті. 1-маусым балалар күніне орай ұлы дала елі алаңында асық ату және садақ ату ұлттық спорт ойындарынан балалар арасында жарыстар ұйымдастырылып ойыншық сыйлықтар таратылды. Садақ атудан облыстық жарыс ұйымдастырылып еліміздің түпкір- түпкірінен келген мергендер өз бақатарын сынап жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды, Тамыз айында бәйгеден жазғы маусымының ашылуына байланысты аудандық ат жарысы болып өтті. Ауданымызды бұқаралық спортты дамыту мақсатында жас ерекшеліктері бойынша «Толағай шыны» марафоны болып өтті. Қыркүйек айында аудан  әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиада ойындары ауқымды дәрежеде болып өтті. Қазан айында қарттар күніне орай асық ату, шахмат, дойбы т.б. түрлерінен спорттық іс- шара ұйымдастырып қарт адамдарымызды бір қуантып өттік. Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар өткізілетін болады. Ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай 16- қазан күні волейболдан облыстық біріншілік ұйымдастырылды және тәуелсіздік күніне орай 21 желтоқсан күні «Көкпекті барысы 2024», «Көкпекті жас барысы 2024» жарысытары  ұйымдастырылды.

Аудан спортшылары 2024 жылы айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтсақ спорт ардагері Тлебалдин Серік Асрандыұлы Таджикистан елі, Душанбе қаласында өткен самбо күресінен шеберлер арасындағы әлем чемпионатында жүлделі 3 орынға ие болды.

Астана қаласында болып өткен 5- ші дүниежүзілік көшпенділер ойыныңда қазақ күресінен Тұқышев Дидар 1 орын иегері болды.

Астана қаласында болып өткен 5- ші дүниежүзілік көшпенділер ойыныңда өзбек күресі Кураш түрінен Арғынов Ерзат жүлделі 3 орынға ие болды.

Абай облысы Ақсуат ауданыңда болып өткен Ырғызбай Досқанайұлы атындағы Республикалық додада өгіз палуан атанған Тұқышев Дидар.

Абай облысы Абай ауданыңда Өскенбайұлы Құнанбайдынң 220 жылдық мерекесіне арналған ұлттық спорт ойындарында асау үйретуден жерлесіміз Каримханов Дастан бас жүлде иегері атанды.

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Республикалық спартакиадада қазақ күресінен Қажыгелді Қадыр 2 орын иегері атаңды.

Еркін күрестен Республикалық жарыста Ержанұлы Алинур 2 орын иегері. Жаттықтырушысы Сабит Темирханов.

Таэквандо ITF түрінен әлем кубогында Жаннузаков Нурали және куандык Бекнур чемпион атанды. Жаттықтырушысы Бахыт Рахимов

Номад ММА түрінен әлем чемпионатында Ермеков Елдар 1 орын, Кара Дарья 2 орын, Орманбеков Улан 3 орын және Алтынбеков Алишер 2 орын алды. Жаттықтырушысы Руслан Жунусов.

Ұлттық спорт ойындарының орталығында 7 спорт түрі бойынша дәрістер өткізіледі. Атап айтсақ: көкпар, бәйге түрлері, тоғызқұмалақ, садақ ату, теңге алу, асық ату, аударыспақ.

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
07 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет
Ақпарат
09 сентября 2026
Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ақпарат
05 августа 2026
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы