Аудан бойынша 2022 жылдың 1 қаңтар айына тіркелген жұмыссыздар саны – 86 адамды құрайды, 1218 жұмыс орындары ашылды, 450 адам жұмысқа орналастырылды. Өткен 2020 жылмен салыстырғанда, 2021 жылы тіркелген жұмыссыздар саны 45,7 пайызға өсті, құрылған жұмыс орындары (1002) 21,5 пайызға, жұмысқа орналастыру бойынша (432 адам) 4,1 пайызға көбейді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 20 адам жіберілді, ақылы қоғамдық жұмыстарға 247 адам тартылды, 28 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, «Жастар іс тәжірибесіне» 14 адам жіберілді. Барлығы 75 адамға 43,7 млн. теңгеге мемлекеттік грант берілді.Оның ішінде, көпбалалы отбасылар саны-10, аз қамтылған отбасылар-9, мүгедектер-5, жастар саны-24, басқа санаттағылар- 27 адам.
Өз ісін ашу мақсатында 23 адамға 157,3 млн. теңгеге несие берілді. «Бастау-бизнес» кәсіпкерлік оқытуға 140 адам жіберілді.
2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек 279 отбасына (1398 адам) 106,7 млн. теңге төленді. Тұрғын үй көмегі 49 отбасына 2,7 млн. теңге төленді. Яғни, 2020 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар (251 отбасы) саны 11,1 пайызға, алушылар (1277 адам) саны 9,5 пайызға, тұрғын үй көмегін алушы (36) отбасылар саны 36,1 пайызға көбейді.
Өз өтініштері бойынша аз қамтылған 26 отбасына 1,1 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Жылдың басынан бері есепте тұрған аз қамтылған туберкулезбен ауыратын 180 адамға барлығы 3,2 млн. теңге материалдық көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6-жасқа дейінгі 363 балаларына 22,5 млн. теңгеге мемлекеттік әлеуметтік пакет берілді.
Ауылды жерлерде жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет қызметкерлеріне отын -көмір сатып алу үшін барлығы 1800 адамға 80,8 млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді.
2021 жылы мүгедектер үшін 9 объекті жартылай бейімдеуден (пандус орнату) өткізілді. 14 адам мүгедектік арбамен, 38 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, 34 адам протездік- ортопедиялық құралдармен, 128 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 11 зейнеткер «Уба» шипажайында, 7 мүгедек «Мойылды» шипажайында және «Қарағайлы» оңалту орталығында емделіп келді. Үйде оқытылатын 26 мүгедек балаға 1,5 млн. теңгеге материалдық көмек төленді.
Еңбекке қабілетті 4 мүгедек жұмыспен қамтылды, 14 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 1-топтағы 8 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалды. Самар ауылындағы Қарттар үйіне 12 жалғызбасты қарттар орналастырылды.
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» 216 жалғызбасты және мүгедектерге қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 151 жалғызбасты қарттарға, 53 мүмкіншілігі шектеулі балаға, сондай-ақ 12 мүгедек балаға жартылай күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетіледі.
Аудан бойынша 1 Ұлы Отан соғысының ардагері бар, ауған соғысына қатысушылар саны- 30, Чернобыль апатына қатысушылар саны-13 адам, Таулы Карабахта қызмет еткендер саны- саны-19 адам, ақталған тұлғалар саны-61 , тыл еңбеккерлері- 234 адам.
Ұлы Жеңістің 76- жылдығына орай 1 Ұлы Отан соғысының ардагеріне облыстық бюджет қаржысынан 1,0 млн. теңге, сондай-ақ, «ҰОС жылдардағы ерен еңбегі үшін» медалі бар 10 тыл еңбеккерлеріне 100,0 мыңнан 1,0 млн. теңге материалдық көмек, медальмен марапатталмаған 224 тыл еңбеккерлеріне 42,5 мыңнан жергілікті бюджет қаржысынан 9,5 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Мерекелік іс-шараларға және Ұлы Жеңістің 76-жылдығына байланысты аудандық бюджет қаржысынан Ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысушыларға 194,0 мыңнан барлығы 8,3 млн. теңге, Таулы Карабахта қызмет еткендерге 1,8 млн. теңге, сондай-ақ, 61 ақталған тұлғаларға барлығы 776,5 мың теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай «Алтын-алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар барлық 980 аналарға облыстық бюджеттен 14,5 мыңнан барлығы 14,3 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 2 көпбалалы отбасы Өскемен және Семей қалаларынан тұрғын үй сатып алды.
Бөлім арқылы барлығы 26 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2021 жылы 3508 сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2022 жылға жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша міндеттер: