Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Аслан Балабекович Танысбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.