Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы негізінде 2025 жылы  аудандық жастар саясатын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239 адамды құрайды, ол аудан тұрғындарының 24,1 % құрайды. Оның ішінде 1652  ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және 59  жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар жас бар.

Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды өткізілуде.

Ауданда бүгінгі күні Neet санатындағы - 59 жас тіркелген. Ол Цифрлік отбасы картасы базасында тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 24 адамға азайған.  Алайда, аталған 59 адамның ішінде аудан аумағынан тыс жерде тұрып жатқан азаматтар да бар:

Ауданға қатысы жоқ елді мекендерде тұрып жатқандар - 6,          Ауданнан тыс жерде тұрып жатқандар - 7,

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде - 2 адам.

Аудандағы Neet санатындағы жастар санын азайту мақсатында мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Атап айтқанда:

«Жастар тәжірибесі» бойынша- 17 адам жұмысқа орналасты (жоспар -25),

«Алғашқы жұмыс орны» бойынша - 6 (жоспар -10),

Өз ісін бастауға арналған қайтарымсыз гранттар - биылғы жылға жоспар 5 грант қарастырылып, барлық 5 грант берілді.   1 грант соммасы 400 АЕК - 1 млн 572 мың 800 тг.  

Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 90 сарбаз жасты жұмыспен қамтылды.  Бұған аудандық бюджеттен - 7 млн.650 мың теңге, облыстық бюджеттен 3 млн.825 мың тг. бөлінді.  Олардың жалақысының 70% - аудандық әкімдік, 30% -   облыстық «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы штабы есебінен төленді.        

Жастар арасындағы тағы өзекті мәселерге тоқталсақ:

Аудан көлемінде жастармен жасалған қылмыс саны:

2023 жылы-2 қылмыс,

2024 жылы -1 қылмыс.

 Өткен 2023-2024 жылдары жастар арасында суицид фактілері тіркелмеген.

Наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:

2023 жыл - 3 жас

2024 жыл - 2 жас

Алкаголдік тәуелділік бойынша тіркеуде тұрғындар саны:

2023 жыл - 11 жас

2024 жыл - 13 жас

Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:

2023 жыл - 72 жас

2024 жыл - 71 жас

Туберкулездік диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:

2023 жыл - 2 жас

2024 жыл - 3 жас

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда спорт және шығармашылық үйірмелер жұмыс жасауда. Ұлттық ойындар орталығындағы  7 үйірмеде бүгінгі күні 80 аса бала ұлттық ойындармен шұғылданса, Балалалар шығармашылық сарайының 58 үйірмесінде 1021 бала,  балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда. 

Одан бөлек, аудан көлемінде 11 ауылдық клуб және 55 спорт нысаны бар. Оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептердегі 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром.  Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген. Сонымен бірге, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Кино кеш» акциясы ұйымдастырылып, кино көрсетілуде.

Биылғы жылы жастар саясаты саласында іс-шаралар ұйымдастыруға 5 млн.тг.бюджеттен қарастырылған. Жыл басынан бері мемлекеттік жастар саясаты саласында 44 іс-шара ұйымдастырылды.Оның ішінде : Спорттық - 12, мәдени - 21, танымды-интеллектуалды - 11.

 

Дата публикации
21 ноября 2025