Көкпекті ауданындағы діни ахуал туралы ақпарат

Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2025  жылдың басынан бері  дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуда.

         Көкпекті ауданында бүгінгі күні 8 діни бірлестік тіркелген (анықтама: 8 - мешіт) (Биғаш және Үлкенбөкен ауылдарындағы мешіттердің құжаттары рәсімделуде). Сонымен қатар, Көкпекті ауданы аумағында 1 мешіт пен қатымхана ашылды. Көкпекті ауданында   1 намазхана Ақ ой ауылында қызмет етуде. 

          Барлық 8 діни бірлестік  мұсылман діни бірлестіктері. Бүгінгі күні аталған діни бірлестіктерде 7  имам жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 7 имамның ішінде, 6 имамда арнаулы орта білім және 1 имамда орта білімі бар.  Ағымдағы жылы Көкпекті орталық мешітінің бас имамы Кенжебек Ахметкалиев Шығыс Қазақстан облысының Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің "Теология" мамандығына оқуға тапсырып, білімін шындауда. 

         Аудан аумағында аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданда бұл бағытта жалпы саны 10 адамнан тұратын  ақпараттық топ  нәтижелі жұмыс істеуде. Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобына тәжірибелі мамандар, теолог, діни бірлестік өкілдері, тарихшы, психологтармен қатар қоғам белсенділері де тартылған. Ақпараттық түсіндіру тобы халықтың барлық санатындағы тұрғындарды қамту мақсатында ақпараттық түсіндіру тобының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес жыл басынан бері  69 кездесу өткізіліп, 1830  адам қамтылды. 

         Әлеуметтік желілерде сапалы және жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында «ИРГ Кокпекты» атты тобы құрылған. Аталған әлеуметтік желілерде тұрақты түрде аудио-бейне жазбалар, имамдар мен теологтардың пікірлері жарияланады. Жыл көлемінде аталған әлеуметтік желілердің топтарында 184 материал жарияланды.  

         Қазір өзекті мәселенің бірі  - ғаламтор кеңістігінде деструктивті діни идеологиялардың таралуы. Бұл бағытта ауданда 3 тұрақты блоггер жұмыс атқаруда. Аудан блоггерларымен тұрақты түрде Bконтакте, Фэйсбук, Одноклассники және Инстаграмм әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізіледі.  Аталған мамандар аудандағы барлық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, деструктивті діни идеологияны насихаттайтын материалдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Жыл басынан бері аудандағы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде деструктивті діни ағымдарды насихаттайтын материалдар анықталған жоқ.

Дата публикации
21 ноября 2025