ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Көкпекті ауданында отбасы институтын нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта ауданда «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» және «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

         2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хаттамасының негізінде аудандық комиссияның жылдық жоспары бекітіліп, осы жоспар аясында 3 отырыс өткізілді. Аталған отырыстарда 7 маңызды мәселе қаралды. Олардың қатарында әйелдерді жұмыспен қамту, әйелдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәсіпкер әйелдерді қолдау мәселелері қамтылды.Бұл мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданды.

         2025 жылы Көкпекті ауданындағы әйелдердің саны 6601 адамды құрап, бұл жалпы халық санының 50,2%-ын көрсетті. Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары да тіркелуде. 2024 жылы 81 азамат құқық қорғау органдарына шағымданып, 72 әйелге қорғау нұсқамасы беріліп, 41 ер адамға қатысты ерекше талаптар қойылды. Ал биылғы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 50 азаматша жәбір көргені туралы хабарлаған, 50 әйелге қорғау нұсқамасы беріліп, 35 ер адамға қатысты ерекше талаптар қойылды.

         Аудан бойынша 2024 жылы 28 отбасы некеге тұрса, 35 отбасы ажырасқан. 107 бала дүниеге келіп, 70 адам өмірден өтті. Ал биылғы жылдың басынан бері 11 отбасы некеге тұрып, 3 отбасы ажырасқан.

         Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия да белсенді жұмыс жүргізуде. 2025 жылы қабылданған шешім бойынша 1 әйел ана құқығынан айырылды.

         Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында 2024 жылы 16 іс-шара өткізілді, аудан аумағында 3 баннер орнатылды. Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 12 іс-шара ұйымдастырылды. Жыл басынан бері  осы бағытта 14 іс-шара өткізілді.

         2023 жылы ауданда көпбалалы аналардың бастамасымен «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі құрылып, бүгінде бұл ұйым аудан әйелдері арасында белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Комиссия аталған бірлестікпен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Бірлескен жобалар аясында «Ас атасы – нан» жәрмеңкесі, «Көкпекті аруы - 2024» байқауы, «Ене мен келін» сайысы сәтті ұйымдастырылды. Биыл «Асыл ана» бірлестігімен бірлескен жоспар бойынша «Толағай аруы – 2025» байқауы мен «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік шара өткізілді. Алдағы уақытта «Абысын – ажын» және «Батыр ана» шаралары жоспарланып отыр.

         Одан бөлек, қазіргі таңда аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге және басқа да өмірлік қиындықтарға тап болған әйелдерге арналған кризистік орталық ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда ғимараттың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

         Жыл басынан бері аудандық газетте отбасылық және гендерлік саясат тақырыбында 14 мақала, әлеуметтік желілерде 23 пост жарияланды.

Дата публикации
21 ноября 2025