"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 03 қарашада Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 21 желтоқсанға Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің сайлауын тағайындады.
2025 жылдың 4 қарашадан бастап аудандық әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 20 қараша жағдайы бойынша 4 кандидат ұсынылды. 3 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Аудан әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 20 қараша сағат 18:00-де аяқталды.
Абай облысы Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.