Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына,Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36186 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% , бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына байланысты зейнеткерлер;
жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады;
кандасы;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы;
толық емес отбасылар;
асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын балалары бар жесірлер (жесірлер), бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын адамдар.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |