№8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Көкпекті аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» ЖШС газеті № 10 және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына маслихат депутатына үміткерлерге сайлауалды материалдарын жариялау   ережелері туралы хабарлайды.

Газет беттерінде сұхбат, мақала жариялау үшін әрбір кандидатқа А3 форматтағы газеттің 1 бетінен көп емес орын ұсынылады.

Кандидат немесе оның сенімді тұлғасы жазбаша өтініш негізінде төмендегі  деректерді көрсетіп, келісімшартқа отырады:

  1. Жазбаша өтініште реттік нөмірі, тіркелген күні көрсетілуі керек.
  2. Кандидаттың немесе сенімді тұлғаның аты-жөні,тегі толығымен көрсетіледі.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдардан берілген кандидаттың жеке басын және өкілеттігін немесе сенімді тұлғаның куәлігін куәландыратын құжаттардың көшірмесі ұсынылады.
  4. Үгіт-насихат материалдардың мазмұны және жоспарланған көлемі.
  5. Кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолы.

Жазбаша өтініштер бір ай бұрын қабылданады және материалдар  редакцияға түскен күннен бастап газеттің шығу жиілігіне байланысты жарияланады.

 

ҮГІТ - НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Материалдарды газет бетіне жариялау үшін 5  күн бұрын  жіберу керек. Конституциялық құқықтарға қайшы материалдар шығарылмайды.  Материалдар баспа түрінде  (кандидаттың немесе сенімді тұлғаның қолымен), сондай-ақ  электрондық пошта арқылы беріледі.

 

ГАЗЕТ БЕТІНДЕ БЕРІЛЕТІН ОРЫННЫҢ КӨЛЕМІ   ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Газетте берілетін орынның бағасы прайс-лист негізінде бекітіледі.

Үгіт-насихат компаниясы кезінде мәслихат депутаттығына үміткерлердің материалдарын газет бетінде  жариялау үшін 1 ш.см-ге  – 350 тг.

Қазақстан Республикасы Заңнамасы негізінде материалдарды газет беттеріне  орналастыру үшін алдын ала жүз пайыз ақы төленуі тиіс.

 

           Директор-редактор                         Ф.Таянкенов

Дата публикации
22 сентября 2025