Абай облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 6 тамызда Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 қыркүйекке Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2025 жылдың 7 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 20 тамыздағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.

2 кандидат өзін-өзі ұсынды. 1 кандидат «Amanat» партиясынан ұсынылды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 19 тамызда сағат 18:00-де аяқталды.

Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 августа 2025