2025 жылдың 5 тамызы А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің ғимаратында, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа жалпы 32 адам қатысты. Тұрғындар пікірін ескеру ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша Ақой ауылының №1 көшесін – Жармұхамет Бекшоинов көшесі, № 2 көшесін – Үйсенғазы Баймадиев көшесі деп өзгерту туралы шешімі қабылданып, жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен рәсімделді.