2025 жылдың 5 тамызы күні Гагарин бастауыш метебінің ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысқа жалпы 32 адам қатысты.
Тұрғындар пікірін ескеру ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша Қарамойыл ауылының №1 көшесін – Тәуелсіздік көшесі, №2 көшесін – Көктал көшесі, №3 көшесін – Ертіс көшесі, №4 көшесін – Бейбітшілік көшесі, №5 көшесін – Шаңырақ көшесі деп өзгерту туралы шешімі қабылданып, жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен рәсімделді.