Абай облысы
Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 14 қыркүйегіне тағайындалсын.
- 2025 жылғы 14 қыркүйегіне тағайындалған Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінде және Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е. Оразханов
Аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Б. Адыльханов
Көкпекті ауылы
6 тамыз 2025 жыл
№ 45