Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Абай облысы

Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі

құрылсын:

  • Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің – Үлгілімалшы ауылдық округінің шекарасындағы – Үлгілімалшы сайлау округі.
  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінде және Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                               Е. Оразханов                            

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Б. Адыльханов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкпекті ауылы   

6 тамыз 2025 жыл                    

№ 44

 

 

 

 

Дата публикации
06 августа 2025