Көкпекті ауданында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» және «Іскер әйелдер клубы» жұмыс атқарады. 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хаттамасын орындау барысында және жүйелі жұмыс жүзеге асыру үшін 2025 жылға арналған жылдық жоспар құрылып, бекітілді. Жыл басынан бері комиссияның 2 отырысы өткізіліп, 6 сұрақ қаралды. Комиссия отырысында әйелдерді жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әйелдердің бос уақытын тиімді пайдалану, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес және кәсіпкер әйелдерді қолдау сұрақтары қарастырылды.
Көкпекті ауданында әйелдер саны – 6601 адам, жалпы халық санының 50,2 % құрайды. Жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты құқық қорғау органдарына жәбірленген азаматтар саны -81 азамат. Аудандық полиция бөлімінде қорғау нұсқамасында -72 әйел адам бар. Сот шешімімен ерекше талап қойылғандар саны– 41 адам (ер азаматтарға ішімдік ішуге шектеу қойылды).
Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 9 шара ұйымдастырылып, аудан бойынша 3 баннер ілінді.
Көкпекті аудандық «АСЫЛ АНА» қоғамдық бірлестігімен бірге, 2025 жылғы мамыр айында Батыр Ана” атты дөңгелек үстелі және “ЕНЕ МЕН КЕЛІН” байқауы өтті. Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық ардагерлер үйінде «Отан отбасынан басталады» атты дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері аудандық газетінде отбасылық және гендерлік саясат саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 8 мақала, әлеуметтік желілерде 63 пост жарияланды.