Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы негізінде 2024 жылы  аудандық жастар саясатын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. 2013 жылы ауданда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудандық жастар ресурстық орталығы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде жұмыс жүргізеді.

Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239 адамды құрайды. Оның ішінде 1652  ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және 73 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар жас бар.

Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды өткізілуде.

Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 90 сарбаз ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын болады. 2025 жылғы маусым айында 34 жас сарбаз бұл жұмысқа кірісті.  Бұған аудандық бюджеттен - 7 млн.650 мың теңге бөлінді.         

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда спорт және шығармашылық үйірмелер жұмыс жасауда. Ұлттық ойындар орталығындағы  7 үйірмеде бүгінгі күні 80 аса бала ұлттық ойындармен шұғылданса, Балалалар шығармашылық сарайының 58 үйірмесінде 1021 бала,  балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда. 

Одан бөлек, аудан көлемінде 11 ауылдық клуб және 55 спорт нысаны бар. Оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептердегі 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром.  Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген. Сонымен бірге, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Кино кеш» акциясы ұйымдастырылып, кино көрсетілуде.

 

Дата публикации
01 августа 2025