Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 88, 91 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 939 601,2 мың теңге:
салық түсімдер - 1 583 823,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 379,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 038,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 343 361,2 мың теңге;
2) шығындар - 7 339 587,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 78 250,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 127 734,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 49 484,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 478 236,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 478 236,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 941 824,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 49 484,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 585 896,0 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 29/194-VIII «Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімімен белгіленген 2025 жылға арналған аудан бюджетіне әлеуметтік салық 89,5 пайыз, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 86 пайыз, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз болып орындауға қабылдансын.»
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көкпекті аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов