Көкпекті ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу анықтамасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7, 8-баптарына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №301/НҚ бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 63-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысының 2025 жылғы 28 мамырдағы «Көкпекті ауданында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жобалық топтарын құру туралы» №166 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
- Персоналды басқару
- Мүдделер қақтығысын реттеу
- Мемлекеттік қызмет көрсету
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру
- Бақылау функцияларын іске асыру
Көкпекті ауданы әкімдігінің ішкі нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
2025 жылғы 6 айында Көкпекті ауданы әкімдігінің 148 қаулысы, аудан әкімінің 18 өкімі, 4 шешімі және аппарат басшысының 192 бұйрығы қабылданды.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, аталған актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Персоналды басқаруКөкпекті ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің штаттық саны – 100 бірлік, нақты саны – 88 бірлік. Оның 5 бірлігі бала күтімі бойынша еңбек демалысында, 2 жұмысқа уақытша жарамсыз, академиялық оқудағылар жоқ.
2025 жылдың 6 айында біліктілігін арттыру курсатырана 9 қызметші жіберліді. Оның 6 Семей қаласына, 2 Астана қаласына және 1 Алматы қаласына.
Мемлекеттік қызметшілердің өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында әкімдіктің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне тігілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды.
Жыл сайын аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері мен олардың жұбайлары табыстары туралы декларация тапсырады, бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген қаржылық бақылау шарасы.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында аппаратта «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефоны» туралы хабарландыру «Көкпекті ауданы әкімі аппараты» ММ ғимаратының стендінде орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіні стендте орналастырылған және барлық мемлекеттік қызметшілерге кодекстің мәтінімен қол қойғызып таныстырылған.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелген.
Аталған бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес, мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.
Бұл бағытта 1 дерек орын алды, атап айтқанда Көкпекті ауылының тұрғыны азамат М. Ордакановтың өтініш қарастыруға Көкпекті ауылдық округінің әкімі Б.Нугыбаев өзің орынбасары көрсетілген азаматтын туған баласы Д.Ордакановқа қарастыру үшін тапсырған. Аталған дерек бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп жауапты маманға қатысты шара қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Көкпекті ауданы әкімдігінде барлығы 26 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектердің жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу
- Тұрғын үй көмегін тағайындау
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу
- Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
- Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі
- Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері, өтімділігі жоғары арнайы машиналар
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік олар үшін белгілер
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік олар үшін белгілер
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру
- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/ жою
- Шақыруды кейінге қалдыру
2025 жылдың 6 айында 974 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Аталған бағытта 4 заңбұзушылық орын алды.
Олар:
- Көкжайық ауылдық округінде 2024 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша есептердің дұрыс ұсынылмауы;
- Тассай ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы (2025 жыл ақпан айы)
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде2024 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша есептердің дұрыс ұсынылмауы;
- Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммунадық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы (2025 жыл маусым айы)
Көкпекті ауданы әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі 2024 жылғы 1 қазандағы 13 өкіммен бекітілген және Көкпекті ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.
2025 жылдың 6 айында 10 қабылдау өткізілді, 55 жеке тұлға қабылданды.
Көтерілетін негізгі мәселелер:
Ұсынымдар:
Көкпекті ауданы әкімінің
аппаратының басшысы Д. Дюсембаев
орын: Д. Серікбеков
тел:87234821101