«Абай облысы Көкпекті ауданының
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
- Жалпы ережелер
- «Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрi мүмкіншіліктері шектеулі балалар), психоневрологиялық ауытқушылықтары бар он сегiз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрi - 18 жастан асқан тұлғалар), бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге (бұдан әрi - мүгедектер), егде жасына байланысты өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз қарттарға (бұдан әрi - қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге уәкілетті заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Мекеменің құрылтайшысы Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігі болып табылады (ары қарай - Құрылтайшы).
- Тиiстi саланың уәкiлеттi органы, сондай-ақ оған байланысты мекеме мүлкiне қатысты құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын «Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып табылады (бұдан әрi уәкiлеттi орган).
- Заңды тұлғаның толық атауы: «Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Центр оказания специальных социальных услуг Кокпектинского района области Абай».
6. Заңды тұлғаның қысқаша атауы: «АӘҚКО» КММ.
Орыс тілінде: КГУ «ЦОССУ»
- Мекеменің тұрғылықты мекен жайы: индексі 180500, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ш.Уәлиханова көшесі, 65.
- Мекеменің заңды мәртебесі
- Мекеме мемлекеттік тіркеуін алғаннан кейін заңды тұлғаның құқығына ие болады.
- Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
- Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң кепiлдiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша уәкілетті орган жауапты болады.
- Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмiлелерi, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіп бойынша тіркелімге жатады.
- Мекеме қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
- Мекеме қызметiнiң мәнi қызмет алушыларға әлеуметтік бейімделуіне және жан-жақты дамуына, үйреншікті әлеуметтік ортаға келуіне қолайлы жағдай жасау, үй жайын гигиеналық талаптарға сай ұстау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және кешенді, оңалту іс-шараларын өткізу болып табылады.
- Мекеменің қызметiнiң мақсаты психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, он сегiз жастан асқан тұлғаларға, мүгедектерге және жалғыз басты қарттарға мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
- Мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн келесі қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) күндізге келу бөлімшесінде:
бейімделген мінез-құлық дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек қызметінің дағдыларын қалыптастыруға қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның ғимаратында тұруға ынғайлы болу, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес арнаулы құралдармен жабдықтау;
қызмет алушылардың қауіпсіздігін және жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету;
күндізге келу бөлімшесінде қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;
теңгерімділік пен калориялық талаптарына жауап беретін, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, қызмет алушының денсаулық жағдайы ескеріліп ұсынылатын ыстық, оның ішінде диеталық тағамдар ұсыну;
қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсыну;
қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
2) Мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мен жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде:
қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалтуды үй жағдайында жүргізу;
қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
3) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласында қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де қызметтер жүзеге асырылады.
- Мекемені басқару
- Мекемені жалпы басқаруды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
- Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ретпен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемеге мүлiктi бекiтiп бередi;
2) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекiтедi;
3) Мекеме мүлкiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеме басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртiбi мен өкiлеттiк мерзiмiн, мекеменiң шешiмдер қабылдау тәртiбiн анықтайды;
5) Мекеме директорының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, оны лауазымынан босату негiздерiн айқындайды;
6) Мекеме құрылымы мен шектi штаттық санын бекiтедi;
7) Мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
8) Жылдық қаржылық есептiлiктi бекiтедi;
9) Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға, мекемеге берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде олар сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;
10) Мекемеге филиалдар мен өкiлдiктер құруға келiсiмiн бередi.
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Мекеме директоры Құрылтайшымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Мекеме директоры орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, тиiстi саланың Уәкiлеттi органына тiкелей бағынады және орталыққа жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- Мекеме директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және орталық қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленген өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
- Мекеме директорының мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi;
- Мекеме қызметін жүзеге асыру барысында мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменің атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
2) Мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда орталықтың мүддесiн бiлдiредi;
3) шарттар жасасады;
4) сенiмхаттар бередi;
5) Мекеменің iссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
8) тиiстi саланың уәкiлеттi органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мекеме қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Мекеменің қызметкерлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының және мекеменің басқа да басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
11) шарттық негізде штаттан тыс қызметшілерді тартуға құқығы бар;
12) Мекеме мамандарының жұмыс сапасын мекеме директоры бағалайды.
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Уәкiлеттi органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Директор орынбасары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерін басқарады және олардың жұмысын қадағалайды.
- Директор орынбасары өзінің жұмысын мекеменің директорымен бекітілген лауазымдық міндеттеріне сәйкес ұйымдастырады.
- Директор орынбасары жеке оңалту бағдарламасының жоспарлануы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
- Директор орынбасары мамандар қызметінің ұйымдастырылуына, құжаттық істердің дұрыс жүргізілуіне, жұмысты есепке алуға, бөлімшелердегі мүліктің ұрлану немесе бүліну фактілеріне дербес жауапты.
- Мекеме мүлкiнiң құрылу тәртiбi
- Мекеме мүлкiн оның теңгерiмiнде айқындалатын бағасын заңды тұлғаның активтерi құрайды. Орталықтың мүлкi:
1) оған меншiк иесi берген мүлiк;
2) өз қызметi барысында сатып алынған мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен құрылады.
- Мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен орталықтың кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған ақша жергілікті бюджеттiң есебiне аударылады.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзi белгiленбесе, орталық қызметi тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы органы бюджетiнен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен қаржыландырады.
- Мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
- Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi саланың уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
- Мекеменің жұмыс тәртiбi
- Мекеменің жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi.
- Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
- Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Құрылтайшының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
- Құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.
- 8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.