2025 жылғы төтенше жағдайлар сласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2025 жылғы төтенше жағдайлар сласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

  1. Қыс 2025 жылы 3-4 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының «Қазгидромет» филиалының және Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп арнайы приборларымен ауданымыздағы қар жамылғысының биіктігін өлшеді. Көкпекті ауданында қар жамылғысының биіктігі 98 см (2024 жылы ақпан айында қар жамылғысының биіктігі 95 см құрады). Былтырғы жылмен салыстырғанда 3 см. көп. Жердің қату тереңдігі 63 см. (2024 жылы ақпан айында жердің қату тереңдігі 45 см. болған) Былтырғы жылмен салыстырғанда жер қату тереңдігі 18 см-ге көп. Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда қар жамылғысы 3,2 % жоғары, жердін қатуы 40% жоғары. Таулы аймақтарда қардың жамылғысының биіктігі 1,5 метр шамасында былтырғы жылы 1,5 метр болды өзгеріс 0%.

Ауданда қар шығару жұмыстары жүргізілді. Көкпекті ауылынан 35255 текше метр, Үлкенбөкен ауылынан 3300 текше метр, Преображенка ауылынан 3 000 текше метр, Көкпекті ауданы бойынша барлығы 41555 текше метр қар шығарылды.

  1. Көктем 2025 жылы 20 қаңтарда Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №5 қаулысымен «2025 жылдың көктем кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді». Осы жоспарға сай төмендегі іс-шаралар бойынша жұмыстар атқардық.  

Көкпекті ауданы бойынша жолдың ұзындығы 442,4 шақырымды құрайды. Осы  жолдың бойында 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Атап айтқанда.  

  1. Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 40 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар.
  2. Облыстық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 16 су өткізгіш құбыр және 3 көпір бар.
  3. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 282,4 шақырымды құрайды. Осы жолдың бойында 46 су өткізгіш құбыр және 5 көпір бар. Көпірлер көктем айында қардан және мұздан толықтай тазаланды.              Ауданымызда 7 үлкен өзендеріміз бар Кокпекті, Шегелек, Кіндікті, Еспе, Жүзағаш, Үлкенбөкен, Талменка өзендері, көктемгі су тасқынындағы суларды бөгетсіз өткізеді.

Көкпекті ауданы бойынша 3 гидротехникалық құрылғылар бар олар:  Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны, «Үлкенбөкен» суқоймасы, «Талменка» тоғаны. 3-де транзиттік режимде. Абай облысы «Абай су қоймасы» теңгеріміне берілді.

 

№ п/п

Гидротехникалық құрылымдардың атауы

Су көзі

Пайдалануға берілген жылы

Көлемі,

Мақсаты

Өткізу қабілеті /с

1

Көкпект іауылының су жинағыш тоғанының бөгеті

Еріген қар суы

 

1950 ж.

86

Үй шарушылығын суландыру

 

2,1

2

Үлкен Бөкен ауылының оңтүстік-батысынан 2,0 км. "Үлкенбөкен" су қоймабөгеті

 

Үлкенбөкен өзені

 

 

1960 ж.

886

 

Балық аулау және рекреация

 

 

1,32

3

Преображенка ауылының солтүстігінен 2,0 км Талменка тоғанының бөгеті

 

Талменка өзені

 

362

 

Балық аулау және рекреация

 

 

2

 

Су тасқынының алдын алу мақсатында Шұғылбай ауылында ауыл ішіндегі 10 су өткізгіш құбыр және Теректі – Шұғылбай жолындағы 2 су өткізгіш құбыр қар мен қатқан мұздан тазаланды. Инерттік материал 50 тонна түсірілді. 500 қап, 1 тонна дизель отыны, АЙ 92 бензин 300 литр дайындалды. 5 шаруа қожалығымен қажет болған жағдайда 9 арнайы техникамен қамтамасыз  ету туралы Меморандум жасалды.

- Үкіліқыз ауылына кіреберіс жолын су шаймау мақсатында 2024 жылы көктемде 1,5 шақырым жиектерін көтеру жұмыстары шаруа қожалықтарының күшімен атқарылды. 2025 жылы 13 наурызда жолдың жиегін су шаймау үшін 4 хова скальник тастар төгілді.

- Көкпекті – Преображенка облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы «Талменка» көпірінің жағалауын су шаймау үшін 8 хова скальник тастар төгіліп және көпірдің астына 220 дана қаптар төселді.

- 2024 жылы Биғаш ауылының ішіндегі бастау арнасын Кіндікті өзеніне қосу үшін Биғаш-Егінбұлақ тас жолы жырылды.

- Көкжайық ауылындағы Алмабақ учаскесінің бөгетінің ұзындығы 1800 метрды құрайды.  2024 жылы іс-шаралар уақытша қабылданып, күз айында 650 метр қашықтықта көтеру жұмыстары коммуналды шаруашылық және шаруа қожалықтарының күшімен жүргізілген болатын. Биылғы жылы жұмыстарды нақты және сапалы түрде жасалу үшін, аудан әкімінің шұғыл шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен 9 млн теңге қаражат бөлініп, ұзындығы 1800 метр бөгет соғу жұмыстары аяқталды.

- Қарағандыкөл ауылындағы кіреберіс көпірінің екі жақ жағалауын нығайту үшін 3 камаз скальник тастар төгілді. 

- 2025 жылы ақпан айының аяғында «ХауВей» компаниясының көмегімен Ажа ауылының солтүстік бөлігінде Көкпекті өзені тасыған жағдайда тұрғын үйлер мен қоражайларды сақтап қалу үшін 800 метр бөгет соғылды.     

- 2024 жылы көктемгі су тасқыны кезінде 18 шақырым жергілікті маңызы бар жолда орналасқан «Жүзағаш» өзенінде орналасқан көпірді тасқын су шайып кеткен болатын. 2025 жылы наурыз айының басында құлаған қөпірді бөлшектеп бұзып, алып тастау жұмыстары жүргізілді.

Көкпекті ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 11 елді мекендерде 17 іс-шара облыстық инженерлік қорғау жоспарына енгізілді. 2025 жылы қараша айына дейін  17 іс-шара орындалады.

Соның ішінде 3 іс-шара облыстық бюджеттен 37,4 млн. тенге бөлінді. Қалған 14 іс-шаралар аудандық бюджеттен қарастырылады.

 

  1. Жаз 2025 жылы Көкпекті ауданы бойынша, Көкпекті өзені бойында жабдықталған коммуналдық жағажайды құру жоспарлануда. Коммуналдық жағажайды ашу, 2025 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланып отыр.

2025 жылы 11 сәуірде Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің №84 қаулысымен «2025 жылғы өрт қауіпті маусымда Абай облысы Көкпекті ауданының аумағында орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.  Осы жоспарға сай іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылуда.  

 

 

 

2025 жылғы төтенше жағдайлар сласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
30 мая 2025