Көкпекті ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Көкпекті ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек 86 отбасына, оның ішінде 456 адамға тағайындалып, жалпы сомасы 20,4 млн теңгені құрады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 43, аз қамтылған отбасылар саны – 43.

Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 119 балаға жалпы сомасы 2 181,2 мың теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.

Өз өтініштері негізінде аз қамтылған 18 отбасына 1 050,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері туберкулезбен ауыратын 6 аз қамтылған азаматқа 340,2 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.

2025 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау мақсатында 12 әлеуметтік нысанды ішінара бейімдеу жоспарланған. Оның ішінде:

  • білім беру саласы бойынша – 4 нысан,
  • денсаулық сақтау саласы бойынша – 6 нысан,
  • ауылдық округ әкімдіктері бойынша – 2 нысан.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар келесідей құралдармен қамтамасыз етілді:

  • мүгедектер арбасымен – 3 адам,
  • протездік-ортопедиялық құралдармен – 11 адам,
  • тифло-техникалық құралдармен – 15 адам,
  • гигиеналық құралдармен – 45 адам.

І топтағы мүгедектігі бар 16 адамға жеке көмекші қызметі тағайындалды.

30 зейнеткер «Қарағайлы» шипажайына, 15 мүгедектігі бар азамат «Мойылды» және «Сарыағаш» шипажайларына, ал 3 мүгедектігі бар адам «Қарағайлы» оңалту орталығына жіберілді.

Үй жағдайында оқытылатын 10 мүгедектігі бар балаға жалпы сомасы 1 140,3 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Көкпекті ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
30 мая 2025